TG Telegram Group Link
Channel: Insports.kz
Back to Bottom
Дмитрий Попко Slovak open турнирінің ширек финалына шықты

Братиславада 🇸🇰 өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші хорватиялық Матей Додигті 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.

Попко келесі айналымда польшалық 🇮🇩 Камиль Майхшакпен сынға түседі.

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
«Боруссияның» бас бапкері қызметінен кетті

⚽️Дортмундтық «Боруссияның» бас бапкері Эдин Терзич қызметінен кетті. Бұл туралы клуб әлеуметтік желіде хабарлады.

41 жастағы неміс 🇩🇪маманы кеше түнде мансабын аяқтайтынын хабарлап, клубпен келісім-шартты 📝 мерзімінен бұрын бұзуды сұрады. Ал «Боруссия» басшылығы оның өтінішін қанағаттандырып, бүгін тараптар ортақ пікірге келді.

🔔Айта кетейік, өткен маусымда дортмундтықтар Бундеслигада бесінші орын алып, Чемпиондар лигасының финалына шыққан болатын.
https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
Қазыбек Нөгербек – шахматтан әлем чемпионы!🏆
Жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионатында соңғы айналымда өзінің тікелей бәсекелесі, армениялық гроссмейстер Мамикон Гарибянды ұтып, 20 жастағы Қазыбек Нөгербек 13 маусымда 20 жасқа дейінгі санатта 2024 жылғы әлем чемпионы атанды (FIDE).
Бір апта бұрын ФИДЕ президенттік кеңесінің отырысында гроссмейстер болып бекітілген орталық «Астана» шахмат клубының түлегі 11 турда 8½ ұпай жинады.

📍Чемпионат 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында (Гуджарат штаты) өтті және оған 123 қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шеберлер қатысты.

🔔Айта кетейік, мұндай жетістікке үш шахматшымыз ғана Дәрмен Сәдуақасов (1998), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Әбдімәлік (2017) жетті. https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
Олимпиадаға жолдама алған қазақ балуанына көлік сыйға тартты 🚘

Кызылорда облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі 🤼‍♂️ Федерациясы Париж Олимпиада ойындарына жолдама иегері Айдос Сұлтанғалиға су жаңа көлік сыйлады.
Көлік үлгісі нақты белгісіз. Бірақ фотодан оның қара түсті премиум санаттағы кроссовер екенін байқауға болады.
🔔Айдос Сұлтанғали 28 жаста. Қазақстан құрамасы сапында ол 2021 жылы Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында екі рет қола жүлдегер атанды (2018, 2022).
🇾🇪Париждегі төртжылдықтың басты додасы спортшының мансабындағы тұңғыш Олимпиада ойындары болмақ.

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
Уимблдонның жүлде қоры рекордтық соманы құрады
💰💰💰
Ұлыбритания ашық чемпионатының (Уимблдон) жүлде қоры биыл рекордтық сома - 50 миллион фунт стерлингті (шамамен 28,8 миллиард теңге) құрайды.
Жекелей жарыс жеңімпазы 2,7 миллион (шамамен 1,5 миллиард теңге), бірінші айналымда жеңілгендер 60 мың (шамамен 34,7 миллион теңге) фунт стерлинг алады. Бұл туралы британиялық журналист Джеймс Грей әлеуметтік желіде хабарлады.

📍Биылғы жылы Уимблдон 1-14 шілде аралығында өтеді. Шілде айының соңында Парижде (Франция) Олимпиада ойындары басталатындықтан, турнир айдың басына ауыстырылды.

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін ЕУРО шымылдығы түріледі 🏆

14 маусымнан 15 маусымға қараған түні Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты басталады. Алдымен турнирдің ашылу салтанаты өтіп, одан кейін алғашқы матчта Германия құрамасы Шотландия құрамасымен кездеседі.

📺 Матчты сағат 23:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» тікелей эфирінен тамашалай аласыздар

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
Insports.kz
Video
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Асу Алмабаев салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

Асу Алмабаев Лас-Вегаста 🇺🇸(АҚШ, Невада) UFC on ESPN 58 турнирінде америкалық Хосе Джонсонға (16-8) қарсы кездесу өткізеді.
Жекпе-жек қарсаңында Алмабаев ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ол 56,93 келі нәтиже көрсетіп, жеңіл салмақтағы межені сәтті орындады.

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Германия 🇩🇪құрамасының негізгі құрамы⚽️

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
Бублик күтпеген шешім қабылдады

🎾Бүгін Александр Бублик Штутгарттағы (Германия) 🇩🇪турнирде жекелей сында ширек финалдық кездесуін италиялық Лоренцо Музеттиге қарсы өткізді. Үшінші сеттің басында есеп 6:4, 1:6, 0:1 болғанда қазақстандық теннисші күтпеген шешім қабылдап, ойынды жалғастырудан бас тартты.
Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.
🔔 Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында Музетти тағы бір италиялық Маттео Берреттинимен ойнайды.

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Санаулы минуттардан соң Еуро 2024 додасының ашылу салтанаты басталады🏆

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Германиядағы футбол тойының ашылу салтанаты🌟💥🔥

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
Ал, кеттік⚽️
Қай құрамаға жанкүйерлік етесіз?😊
https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Еуро 2024 додасында алғашқы гол соғылды⚽️
Германия 🇩🇪1:0 есебімен алға шықты

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
20-минутта есеп 2:0. Германия айқын фаворит🇩🇪

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Айып добы. Есеп 3:0. Германия құрамасы алда🇩🇪

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
Германия 🇩🇪-Шотландия 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿
1-тайм
⚽️Есеп: 3:0
Шотландия құрамасы мен ағылшындық «Уотфорд» футбол клубының шабуылшысы Райан Портеус кездесудің 44-минутында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Екінші таймда алаңға тек 10 ойыншымен шығатын шотландиялықтардың тағдыры не болмақ?🤨

https://hottg.com/atamekenbusiness_sport
HTML Embed Code:
2024/06/15 00:52:41
Back to Top