TG Telegram Group Link
Channel: Atameken Business - Жаңалықтар
Back to Bottom
Малайзия Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, торт сыйлады🎂

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.

Бізге жазылыңыз ->
hottg.com/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😨Алматыда лифт алдына әйелді аяусыз ұрған ер адам ұсталды

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқан бейнежазбасы тарады. Бейнероликтен ер кісі мен әйел адамның арасында жанжал туып, нәтижесінде ер кісінің қол жұмсағанын және өзге екі адамның оқиғаға бей-жай қарап тұрғанын көруге болады.

Алматы полициясының баспасөз қызметі ұрып-соғу дерігі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті қамауға алынды.

"Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Бұл ретте әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі", - деді Алматы полициясы.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
🇰🇿🇷🇺"Солтүстік — Оңтүстік" дәлізін Қазақстан мен Ресей бірге дамытады

Қабылданған шешім туралы әлеуметтік желідегі парақшасында РФ вице-премьері Марат Хуснуллин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз өз тарапымыздан жолдарды кеңейтіп жатырмыз, ал олар өз тарапынан. Сайып келгенде, бізде сапалы әрі қауіпсіз жол салу арқылы біздің елдер арасын жалғап қана қоймай, басқаларға да жаңа бағыт ашуға мүмкіндік береді", - деп жазды Хуснуллин.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
Елімізде 11,7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды

97 мың қазақстандық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш берген. Оның ішінде 80 мың өтінішке бас тартылды. 11,7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. 25 млрд теңгеден астам есептен шығарылды.

Республика бойынша Алматы облысы, Түркістан облысы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы мен Қызылорда облысы тұрғындарынан банкроттыққа ең көп өтініш түскен.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандықтар монополист компаниялардан ақша өндіре алады

Қазақстандықтар монополист компаниялардан ақша өндіре алады. Бұған дейін бәсекелестік талаптарын бұзып, бағаны шарықтатқандар айыппұлмен құтылатын. Енді тұтынушылар да қаржылық өтемақы алуға құқылы. Ал кәсіпкерлерге жекешелендіргісі келетін мемлекеттік активтерді таңдау мүмкіндігі берілмек.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бішкекте 13 мамыр күні шетелдіктер көбірек тұратын жатақханалардың бірінде жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.

Шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Содан соң олар ұсталып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.

Алайда 17 мамыр кешке қарай дәл сол жатақхананың маңына қырғыз жастары «кек алу үшін» жинала бастапты. Кеше түнде олардың саны мыңнан асты.

Полиция жағдайды бақылауында ұстап отыр. Тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 10 шақты адам ұсталған.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады

❗️Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді.

◾️Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс.

◾️Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
🇰🇿📞🇷🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

▪️Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің сапалы жүзеге асыруы маңызды екені атап өтілді. 

▪️Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

▪️Әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
📢Алматыда жер сілкінісін ескерту жүйесі 1 маусымға дейін іске қосылады

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдай туындаған сәтте азаматтарды уақтылы хабардар ету мақсатында Mass Alert жүйесі биылғы 1 маусымға дейін пилоттық режимде енгізілетін болады.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
Иран президенті отырған тікұшақ апатқа ұшырады

Бортында Иран президенті бар тікұшақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейін қайтып келе жатқан сәтте Әзірбайжан шекарасына жақын Джольфа қаласына қатты қонған.

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи халықты Ибрахим Раиси үшін дұға етуге шақырды. Ал Президенттің тағдыры әзірге белгісіз.

Апат Әзербайжанмен шекаралас аумақта орын алған. Ибрахим Раиси Араз өзеніндегі нысандарды пайдалануға беру рәсіміне қатысып, қайтып келе жатқан.

Қазіргі таңда құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты апат болған аумаққа жете алмай жатыр.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!☀️

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
Иран президенті отырған тікұшақ апатқа ұшырады Бортында Иран президенті бар тікұшақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейін қайтып келе жатқан сәтте Әзірбайжан шекарасына жақын Джольфа қаласына қатты қонған. Иранның рухани көсемі Аятолла…
Иран президенті мінген тікұшақ толығымен жанып кеткен - Reuters

Алдын ала болжам бойынша бортта болғандардың барлығы көз жұмды.

Тікұшақта Иран президенті Эбрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Абдоллахиан, Тебриз мешітінің имамы және тағы үш адам болды.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
⚡️Бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
Бішкекте 13 мамыр күні шетелдіктер көбірек тұратын жатақханалардың бірінде жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Содан соң олар ұсталып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Алайда 17 мамыр кешке қарай дәл сол…
Бішкектегі оқиғадан кейін Қырғызстаннан пәкістандық студенттер қашып жатыр

Қырғыз үкіметі жағдайды бақылауға алғанын хабарлады. Екі елдің сыртқы істер министрлері 21 мамырда Астанада кездеспек.  

Пәкістан сыртқы істер министрлігі сенбі күні Бішкекте пәкістандық студенттерге жасалған зорлық-зомбылыққа жауап ретінде Қырғызстанның Исламабадтағы бас дипломатын шақырып алып, оған наразылық нотасын тапсырды.

Пәкістанның Dawn басылымының хабарлауынша, Бішкектегі зорлық-зомбылықтан кейін Пәкістан 140-тай студентін қайтарып алды.

Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф болса, өз мәлімдемесінде Қырғызстанда орын алған оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, Исламабад Бішкектен кеткісі келетін  кез-келген пәкістандықты қайтарып алатынын хабарлады.

Сондай-ақ Қырғызстанның Исламабадтағы елшілігі жанында шеру өтіп, оған жиналған көпшілік Бішкектегі тәртіпсіздіктерге наразылық білдірді.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
HTML Embed Code:
2024/05/20 05:50:51
Back to Top