TG Telegram Group Link
Channel: Aqorda 🇰🇿
Back to Bottom
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз.

Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз.

Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!

Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз!
Бейбітшіліктің қадірін түсініп, оны сақтай білейік!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Жеңіс күні құтты болсын!

hottg.com/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын! Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына…
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники!


Поздравляю вас с Днем Великой Победы!

9 мая мы склоняем головы перед памятью о тех, кто не вернулся с полей сражений, пожертвовав жизнью во имя мира и спокойствия на нашей земле. Отдаем дань уважения и благодарности ветеранам – фронтовикам и труженикам тыла.

Казахстан внес огромный вклад в общую Победу, торжество справедливости и свободы на Земле. Ратные и трудовые подвиги наших соотечественников в годы Второй мировой войны служат примером невероятного мужества и истинного патриотизма для подрастающего поколения.

Мы всегда будем помнить и чтить сыновей и дочерей нашего народа, благодаря самоотверженности и доблести которых сегодня мы можем жить, работать и воспитывать детей, строить и воплощать планы на будущее.

Низкий поклон нашим ветеранам!
Здоровья и благополучия всем согражданам!
Пусть этот великий День напоминает каждому из нас, как важно беречь и укреплять мир!
С Днем Победы!

hottg.com/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Жеңіс күні құтты болсын!

⚜️ С Днем Победы!

🎦 hottg.com/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды

Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.

hottg.com/aqorda_resmi
Президент Касым-Жомарт Токаев посетил военный парад по случаю Дня Победы

Глава государства посетил военный парад в ознаменование 79-летия Дня Победы на Красной площади в Москве, а также принял участие в церемонии возложения цветов к могиле Неизвестного солдата.

Наряду с Касым-Жомартом Токаевым и Президентом России Владимиром Путиным парад посетили Президент Беларуси Александр Лукашенко, Президент Кыргызстана Садыр Жапаров, Президент Таджикистана Эмомали Рахмон, Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов, Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев, Президент Кубы Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Президент Лаоса Тхонглун Сисулит, Президент Гвинеи-Бисау Умару Сисоку Эмбало.

hottg.com/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

▪️Аталған Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Бұл құжат бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтердің критерийлерін әзірлеуді және олардың тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құру көзделген.

Екіншіден, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен оның еншілес компанияларында корпоративтік басқарудың дербестігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ олар жүзеге асыратын сатып алу процестерін жетілдіру жөніндегі шаралар қарастырылған.

Үшіншіден, тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін бірқатар нақты шараны іске асыру көзделіп отыр.

Төртіншіден, бизнес ашу және жүргізу үшін реттеу саясатын одан әрі жетілдіру және рәсімдерді ырықтандыру шаралары ұсынылады. Осылайша, тұтынушылардың квазимемлекеттік ұйымдар көрсететін коммерциялық қызметтерге қолжетімділігін, техникалық шарттарды алу және инженерлік желілерге қосылу рәсімдерін жеңілдету және автоматтандыру (цифрландыру) көзделеді.

Қазақстандық стандарттар бойынша міндетті түрде жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, объектілерді салу үшін озық халықаралық стандарттарға сай келетін жобаларды пайдалануға мүмкіндік беру тапсырылады.

Бесіншіден, Жарлықта бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, соның ішінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды қылмыс санатынан алып тастау, мемлекеттік органдар бастамашылық ететін тыйым салу-шектеу шараларын прокурорлармен келісу және басқа да рәсімдер арқылы күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешені жеке блок ретінде берілген.

▪️Жарлықтың жүзеге асырылуы экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін ауқымды және жедел түрде қысқартуға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік үшін экономикалық кеңістікті ұлғайтуға қосымша серпін береді.

hottg.com/aqorda_resmi
✍️ Президент подписал Указ «О мерах по либерализации экономики»

▪️Указ разработан в рамках исполнения поручения Главы государства, данного на расширенном заседании Правительства 7 февраля 2024 года и направлен на обеспечение свободы предпринимательства путем развития конкуренции, сокращения государственного участия в экономике, снижения издержек бизнеса.

Во-первых, предусмотрено создание при Агентстве по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан Национального офиса по приватизации, который обеспечит выработку критериев государственных активов, подлежащих приватизации и формирование их перечня.

Во-вторых, предусмотрены меры по повышению самостоятельности, качества и независимости корпоративного управления АО «ФНБ «Самрук-Казына» и его дочерних компаний, а также совершенствование осуществляемых ими закупочных процессов.

В-третьих, предусмотрен ряд конкретных мер в целях развития конкуренции на товарных рынках.

В-четвертых, предлагаются меры по дальнейшему совершенствованию регуляторной политики и либерализации процедур для открытия и ведения бизнеса. Так, предполагается упрощение и автоматизация (цифровизация) доступа потребителей к коммерческим услугам, предоставляемым квазигосударственными организациями, процедур получения технических условий и подключения к инженерным сетям.

Поручается предоставить возможность использования проектов, соответствующих передовым международным стандартам, для строительства объектов без обязательной разработки проектно-сметной документации по казахстанским стандартам.

В-пятых, отдельным блоком в Указе выступает комплекс мероприятий, направленных на усиление защиты прав и законных интересов бизнеса, в том числе путем декриминализации уголовных правонарушений в сфере экономической деятельности, согласования с прокурорами запретительно-ограничительных мер, инициируемых госорганами и др.

▪️Реализация Указа придаст дополнительный импульс масштабному и ускоренному сокращению доли государственного сектора в экономике, а также высвобождению экономического пространства для частного предпринимательства.

hottg.com/aqorda_resmi
HTML Embed Code:
2024/05/10 18:29:26
Back to Top